Бұл жағдай кеше Фердоуси ауылында болған
Мақтаарал ауданында суға ағып бара жатқан Қазақстан туын алып шыққан полицейдің әрекеті көпшілікті сүйсінтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл жағдай кеше Фердоуси ауылында болған. Мектеп алдында Қазақстан туының суда жатқанын көрген Жетісай аудандық полиция басқармасының офицері Есімжан Нәдіров топан суға қойып кетіп, туды алып шыққан. Осы көріністі жергілікті халық ұялы телефондарына түсіріп, әлеуметтік желіге таратып жіберген. Одан бөлек тағы бір видеода полиция қызметкерлері мен ұлттық ұлан сарбаздары суға кеткен бұзауды құтқарып алады. Белгілі болғандай ролик Жаңа тұрмыс ауылында түсірілген. Қазір апат салдарынан зардап шеккендерді құтқару жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.