Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ
Солтүстік Қазақстан облысында ауыл тұрғыны көршілерінің бірімен жанжалдасып, үйін өртеп жіберді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 мамырға қараған түні М.Жұмабаев ауданы Қарақоға ауылындағы тұрғын үйлердің бірінен өрт шыққан. Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ: сол күні үй иесі жалғызбасты 52 жастағы әйел танысының үйінде түнеген екен. Ол полицейлерге жуырда таныс адамымен жанжалдасып, оның қоқан-лоқы көрсеткенін айтқан. Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері де үйдің қасақана өртелгенін анықтады.