Аң аулауға кеткен ер адамның денесі 10 күннен кейін табылды

06.03.2023 20:53

Тұрғынды ертерек табу мақсатында тіпті дрон пайдаланылып, оның көмегімен әуеден бақылау шаралары атқарылды

дереккөз

Түркістан облысында полицейлер аң аулауға шығып, жоғалып кеткен ер адамның денесін тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

24 ақпанда Бәйдібек ауданының Жүзімдік ауылынан 25 шақырым жерде орналасқан Арыс өзенінде жергілікті тұрғынның жоғалып кеткені хабарлағанған.

Жалпы іздеу жұмысына 100-ге жуық адам, соның ішінде полиция қызметкерлері, сүңгуірлер, ТЖМ қызметкерлері, еріктілер, ауыл тұрғындары мен жоғалған адамның туыстары жұмылдырылды.

Тұрғынды ертерек табу мақсатында тіпті дрон пайдаланылып, оның көмегімен әуеден бақылау шаралары атқарылды.

10 күннен соң жоғалған адамның денесі бүгін, яғни 6 наурыз күні су бетінен табылып, жағаға шығарылды.

Аталған жайт Бәйдібек аудандық полиция бөліміне ҚР ҚК 001-бабы бойынша тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды.