Аю баланы тістеп алды: демалыс орнының иесі 18,5 миллион теңге өтемақы төлейді

13.08.2022 21:15

База иесі 306-баптың 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылды

kstnews.kz

Қостанайда "Радуга" демалыс базасында аю балаға шабуыл жасады. Сот база иесін кінәлі деп тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі kstnews.kz-ке сілтеме жасап.

Өткен жылдың 5 қыркүйегінде база аумағында тұратын аю 5 жасар қызға шабуыл жасаған. Бала ауыр жарақат алды, өмірлік көрсеткіштері бойынша оң аяғын кесуге тура келді.

Басылым мәліметінше, база иесі 306-баптың 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылды.

Жәбірленуші тарап моральдық зиянды өтеу ретінде 25 миллион теңге сұрады. Александр Панин материалдық шығынды толығымен төледі. Моральдық зиянның бір бөлігі де өтелді - 1,5 миллион теңге. Сот Панинді кінәлі деп таныды және оған 500 сағаттық қоғамдық жұмыстарды тағайындады, бірақ рақымшылық бойынша ол негізгі жазадан босатылды.

Зардап шеккендердің талап - арызын ішінара қанағаттандырды - аю иесі отбасына 18,5 миллион теңге төлейді. Бұл Қостанайдың аудандық соты қабылдаған шешім, облыстық сотта шешім өзгеріссіз қалды.

Теги: Костанай