Қазір олардың басқа да қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр
Талдықорғанда үй мүлкін ұрлаумен айналысқан топ ұсталды. Ұрылар құрылысы бітпеген үйлердің жылыту батареяларын қолды қылып келген. Бұл жағдай бір айда бірнеше рет қайталанып отырыпты, деп хабарлайды Almaty.tv
Қылмысқа қатысы бар деп құрылыс учаскелерінде жұмыс істейтін 6 адам күдікке іліккен. 4 тұтқындалып, олар 5 рет ұрлыққа түскенін мойындаған. Қазір олардың басқа да қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр. «Ұрлық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүруде.