Бұл жағдай Құрманғазы ауданында орын алған
Атырауда досын пышақтап өлтірген ер адам он жылға сотталды, деп хабарлайды ATPress.
Былтыр 21 қазанда кешкі уақытта сотталушының үйінің ауласындағы аяқталмаған құрылыс ішінде бірнеше адам болып ішімдік ішкен.
Сөйтіп, құқық бұзушы мен досының арасында келіспеушілік туындап, пышақпен жәбірленушінің денесіне соқққы жасаған.
Өкінішке қарай, оқиға орнында жәбірлеуінші қаза тапқан.
«Бұл жағдай Құрманғазы ауданында орын алған. Екеуі бала кездерінен көрші тұрып, жақсы қарым-қатынаста болған. Олар үш баладан тәрбиелеп отыр. Алайда, екеуінің арасындағы келіспеушілік біреуінің өліміне әкеліп соқты», - деді облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот баспасөз қызметінің өкілдері.