Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері саусақ ізі арқылы күдіктіні ұстады
Қарағандыда әйел қинап өлтірілген 20 жастағы қызының мәйітін үйіндегі төсегінің астынан тауып алды, деп жазады Nur.kz.
Анасы мен қызы Қарағандыдағы Октябрьский ауданында бірге тұрып келген. Жұмыстан келген әйел қызының үйде жоқтығын көреді. Бірақ оны далаға шығып кетті деп ойлаған.
Кейіннен үйін тазалап жүріп, төсектің астынан қызының мәйітін тауып алған. Бірден полиция қызметкерлерін шақырады.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері саусақ ізі арқылы күдіктіні ұстады. Ол үйдің құрылысына көмектесіп жүрген ер азамат болып шыққан. Оның бұрын сотталғаны анықталды. Күдікті өз кінәсін толығымен мойындаған.
Күдікті қызды балтамен басынан ұрғанын және сол уақытта мас болғанын айтты. Полиция тексеру жұмыстарын жүргізуде.