Щучинскідегі қайғылы жағдай: Жол апатына кінәлі жүргізушіге қатысты тың деректер жарияланды

16.10.2020 21:10

Lexus-та тізгіншіден бөлек арам суға сылқия тойған тағы екі жолаушы болған

Zakon.kz

Щучинскідегі қайғылы жағдайға әкеп соққан апатқа қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды. Polisia.kz порталының хабарлауынша, екі полицейдің өліміне кінәлі жүргізуші рөлге мас күйінде отырған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осылайша оқиға қылмыстық кодекстің 346-бабының 6-бөлігіне қайта сараланды. Lexus-та тізгіншіден бөлек арам суға сылқия тойған тағы екі жолаушы болған. Олар қазір ауруханада жатыр. 

Еске салсақ, Ақмола облысы Щучинск елді мекенінде жантүршігерлік жол апаты орын алған еді. Полиция мәліметінше, Lexus көлігін тізгіндеген жүргізуші Абылай хан көшесінің бойымен жүріп бара жатып, Бурабай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері отырған Lada көлігіне соғылған. Полиция қызметкерлері оқиға орнында тіл тартпай кетті.