Олар 5,4 миллиард теңге ұрлады деген күдікке ілінген
Tengri Bank-тің бұрынғы менеджерлеріне халықаралық іздеу жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Атап айтқанда қаржы ұйымының әкімшілік-шаруашылық департаментін басқарған Алмас Бақытов пен оның қол астында жұмыс істеген Тоғжан Рахметова іздерін жасырыпты. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі мәлімдеді. Жоғарыда аталған лауазым иелерінің, бұған дейін әшкереленген қылмыстарға қатысы бар көрінеді.
Еске салсақ, осыдан бұрын Tengri Bank басқарма төрағасының және Алматыдағы филиал директорының бұрынғы орынбасарлары ұсталған еді. Олар 5,4 миллиард теңге ұрлады деген күдікке ілінген. Ал банк былтыр лицензиясынан айырылған болатын.