Күдікті ретінде 23 жастағы азамат ұсталды
Қарағанды облысы Балқаш қаласында 26 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
30 тамыз күні Балқаш қаласының Сейфулин көшесінің аулаларының бірінен денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар 26 жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті табылды.
«Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері күдікті ретінде 23 жастағы азаматты анықтады. Ол марқұмның денесіне жарақат салғанын мойындады», - деп мәлім етті Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аталмыш дерек ҚР ҚК 106 бабы 3 бөлігі (абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Сәйкес сараптамалар тағайындалды.