Құрылыс материалдарын сататын орталық карантин талаптарын өрескел бұзған

26.03.2021 21:23

Алматыда күшейтілген рейд жұмыстары жалғасып жатыр

Алматыда күшейтілген рейд жұмыстары жалғасып жатыр. Мереке уақытында Әуезов аудандық мониторингілеу тобы күндіз де түнде де кәсіпкерлік нысандарды тексеріп, жұмысын бақылап отыр. Cондай тексеру кезінде  карантин талаптарын өрескел бұзған құрылыс материалдарын сататын екі орталықтың үстінен түсті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қазіргі таңда Әуезов ауданы бойынша мониторингтік топ күшейтілген түрде жұмыс істеп жатыр. Өздеріңіз куә болғандай, көптеген тамақтану орындары карантиндк талаптарды сақтайды. Барлығы тек қана сырттай жұмыс істейді, ішінде адамдар отырмайды. Біздің мониторингтік топтың жұмысы әрі қарай да жалғаса береді», – деді Әуезов аудандық кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бас маманы Айбек Әлишәріпов.

«Бізде карантин талаптары сақталып жатыр. Дәл қазір залымыз істемейді. Қонақтарды қабылдамаймыз. Тамақтарды сыртқа береміз, өздерімен бірге үйіне алып кетеді», – деді кәсіпкер Исламбек Алмасбекұлы.

Еске салайық, бас санитардың қаулысына сәйкес мереке күндері аумағы 500 шаршы метрден асатын мекемелердің жұмысына тыйым салынған.

Одан бөлек мамандар қоғамдық тамақтану орындарына да барды. Мұнда барлық ереже ескерілген. Келушілер тек қана тапсырыс беріп, тамақты өзімен алып кете алады.