Қызылордалық полицей әйелді құтқарып қалды

17.12.2023 21:23

Өзіне өзі қол салуына отбасылық кикілжің әсер еткен

Сурет: elements.envato.com

Қызылорда қаласында полиция қызметкері көпірден секірмек болған әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі іnform.kz-ке сілтеме жасап.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкері полиция сержанты Қуаныш Қайрат бір азаматшаның өмірін  сақтап қалды.

- Полиция сержанты қызметін атқару барысында сол жағалау бөлігіне баратын көпірден секірмекші болған азаматшаны байқаған. Дереу «102» арнасына хабарлама беріп, жедел-тергеу тобы келемін дегенше азаматшаны сөзге тартқан. Полиция сержанты әйелді төменге қарай секіруге әрекет еткен сәтінде белінен ұстап алып, оның өміріне араша түсті. Тексеру барысында тұрғынның суицид жасауына отбасылық кикілжіңнің әсер еткені белгілі болды. Қазіргі таңда азаматшаның жағдайы тұрақты, - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Еске салсақ Қызылорда облысында биыл қызметтік иттері көмегімен 143 қылмыс ашылған.

Оқи отырыңыз: Алматы полициясы күшейтілген қызмет түріне көшірілді