Қазақстан халқына қоры Қостанайдағы өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетеді

04.09.2022 21:32
Фото: ашық дереккөзден

«Қазақстан халқына» қоры Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетеді. Мұндай хабарлама қоғамдық қордың Іnstagram-дағы ресми парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Апат салдары жойылып, залал көлемі анықталғаннан кейін «Қазақстан халқына» қоры жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып өңір тұрғындарына қайырымдылық көмек көрсету тетігін пысықтайды. Қор болған жағдайды қадағалап, зардап шеккендерге қолдау мақсатында барлық қажетті шараны қабылдайды», - деп жазылған қордың Іnstagram парақшасындағы хабарламада.