Алматыдан 372 км қашықтықта жер сілкінді

21.10.2022 21:34

Жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ

earninginmotion.com

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі 21 қазан күні Алматы уақытымен 07 сағат 39 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік шығысқа қарай 372 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 9.8. MPV тербелісі – 4.5. Тереңдігі – 30 км. Эпицентрінің координаттары 42.26° с.е. 81.27° ш.б.

Жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.