Су тасқыны: Ақмола облысы Бұланды ауданындағы ахуал қандай

11.04.2024 21:40

Жақын елдімекендерге 52 адам көшірілді

ТЖМ баспасөз қызметі

2024 жылдың 11 сәуірінде егістіктерден еріген сулардың көп келуіне, сондай-ақ Жолболды өзені тасып төгілгендіктен Ивановка ауылында 45 тұрғын үйге су жеті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Автокөлік қатынасының болмауына байланысты эвакуациялау мүмкін болмады. Қорғаныс министрлігінің МИ-8 тікұшағымен және жоғары өту машинасы (Трэкол) арқылы жақын елдімекендерге 52 адам, оның ішінде 21 бала Макинск қаласындағы эвакуациялау пункті №4 мектеп гимназиясына эвакуацияланды. Медициналық көмекті қажет етпеді.

Сондай-ақ 100 бас ірі қара мал, 11 жылқы, 50 шошқа және 520 үй құстары қауіпсіз жерге айдалды. Сағат 12-20-да эвакуация аяқталды.

Оқи отырыңыз: Тасқыннан үйін тастап кетуге мәжбүр болған оқушылар БЖБ мен ТЖБ тапсырмайды