Қазір полиция қызметкерлері оқиға орнында ер адаммен келіссөздер жүргізілуде, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ол банктің барлық активтерін мұқтаждарға аударуды талап етті. Талаптары орындалмайтын болса, үш сағаттан кейін адамдарды өлтіремін деп қорқытуда. Кепілге алынған 7 қыз және 1 күзетші бар.
Қазіргі уақытта ғимарат қоршалған, арнайы күш жұмыс істеп жатыр.
«Тәртіп сақшылары елорда тұрғындарынан тыныштықты сақтауды және құзыретті органдарға өз жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беруді сұрап отыр»,- деді құқық қорғау органдары.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде «Керуен» СОО жанында бәрі қоршалған деген ақпарат пайда болған еді. Сол жағалаудағы банк бөлімшелерінің біріне қарулы ер адам басып кірген.