Қоғамдық көліктердің ішінде «кәсіп еткен» қалтаман ұсталды

polisia.kz
polisia.kz
Полицейлер небәрі бір сағаттың ішінде күдіктіні анықтап қолға түсірді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Полицейлер небәрі бір сағаттың ішінде күдіктіні анықтап қолға түсірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

5 шілде күні Қарасай аудандық полиция бөліміне жәбірленуші әйел арызданып, автобустың ішінде оның сөмкесінің белгісіз біреулермен қолды болғанын жеткізді. Сондай-ақ, әйел қол сөмкесінің ішінде 50 мың теңге көлемінде ақша болғанын айтқан. Аталған факт сот алды тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің «Ұрлық» (188-бап 1-бөлігі) фактісі бойынша тіркелді. 

Полицияның есебінде тұрған барлық адамдардың фотосуреттерін қарап, жәбірленуші әйел күдіктіні бірден анықтады. Оның сөзінше, күдікті ер адам қоғамдық көліктің ішінде оған етене тығыз тұрғанын байқады. Сөйтіп, әйелдің күдігін әубастан-ақ тудырған. 

Ізкесушілер Іргелі ауылдық округінің 34 жастағы сезіктінің ізіне түсті. Тінту барысында оның бойынан ақша салынған сөмке тәркіленді. Дәйектермен әшкере болған күдікті аталмыш қылмысты жасағанын мойындады. Жәбірленуші болса, полицейлердің жедел жұмыстарына ризашылығын білдірді. Күдікті қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына тоғытылды.

Новости партнеров