Рейд: Алматының Бостандық ауданында ірі сауда орындары карантин талаптарын қаншалықты сақтауда

17.03.2021 21:56

Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес тамақтану орындары жабылу керек

Алматыда рейд жұмыстары жалғасуда. Бостандық аудандының мониторингтік тобы ірі сауда орталықтарын аралап, кәсіпкерлік нысандардың жұмысын тексерді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес тамақтану орындары жабылу керек. Тек жеткізу қызметіне ғана рұқсат берілген. Алайда, көпшілігі білмейтін болып шықты. 

Тексеріс нәтижесінде ережені елемеген 7 тамақтану орнына Әкімшілік құқық бұзушылықтың 425-ші бабына сәйкес хаттама толтырып, санитария мамандарына жолданды.  

«Қала қызыл аймаққа кіргеніне байланысты 9-қаулы шыққан 10 наурызда. Қазіргі таңда MEGA сауда орталығына келіп түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бұл жұмыс жалғасуда, әрі қарай да жалғасын табады», – деді Бостандық аудандық кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бас маманы Талғат Құрманбеков.