Қарағандылық бөтелкелесін ұрып өлтірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
12 қыркүйекте Қарағанды қаласындағы аудандардың бірінде зорлықпен өлтіру белгілері бар ер адамның мәйіті табылды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмысы басталды.
«Полицейлер жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 60 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Ол марқұммен бірге ішкен соң жанжалдасып қалғанын және зардап шегушіні өлтіргенін мойындады», - деп хабарлады Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметінен.
Аталған факті бойынша тергеу жүріп жатыр.