Оны полицияның Дозор есімді ізкесуші иті тапты
Алматыдағы метро бекетінің жанынан оқ-дәрі табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Оны полицияның Дозор есімді із кесуші иті тапты.
"Түске таман инспектор-кинолог "Абай" бекетіне іргелес аумақты аралап шықты. Бір кезде жарылғыш заттарды іздеуге машықтанған қызметтік ит иісті сезіп, серіктесін шыршалы бар алаңға жетеледі. Ол шыршалардың бірінің астынан 5,45 калибрлі Калашников автоматының 30 дана патроны мен екі бірлік жарық-шулы граната тауып алды. Оқ-дәріні Медеу аудандық Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы процессуалдық тәртіпте тәркіледі. Олардың нақты кімге тиесілі екені тергеу барысында анықталады", – деді Метрополитендегі полиция басқармасының бастығы Ерік Насырбеков.