Алматы облысында танысын 20 жерінен пышақтап өлтірген ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қылмыс мамырдың 11-інен 12-сіне қараған түні Талғар ауданына қарасты Панфилов ауылында болды. Тексеру барысында күдікті өз танысын жергілікті базарда кездестіріп, жиһаз цехынына бірге ішімдік ішуге алып келгені белгілі болды.
Өзара сөзге келіспей қалған жанжалдың соңы кісі өлімімен аяқталған. 38 жасар азаматтың бұзақылық және қарақшылық фактілері бойынша бұрын істі болғаны анықталды. Ал қаза болған ер адамның кім екендігі әлі анықталып жатыр.
Сот-медициналық сараптама мамандары марқұмның денесіне 20 рет пышақ сұғылғанын анықтады.
Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Айғақ зат ретінде ас үй пышағы қылмыстық іске тіркелген.