Алматы маңында жер сілкінді

23.01.2022 22:11

Тереңдігі - 10 шақырым

Фото: ашық дереккөзден

23 қаңтар күні Білім және ғылым министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жер дүмпуі Алматы уақытымен сағат 16:01 кезінде тіркелді. Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 9,9 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан. 

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 8.0, магнитудасы - 3,1. Тереңдігі - 10 шақырым.