Халықаралық іздеу жарияланды: Нұр-Сұлтан полициясы 37 жастағы әйелді таба алмай жатыр

08.11.2019 22:21

Елордалық тәртіп сақшылары аса ірі көлемде алаяқтық жасаған әйел туралы қандай бір ақпарат болса, полицияға хабарласуды сұрайды

sputniknews.kz

Астаналық полиция халықаралық іздеу жарияланған алаяқ әйелді іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Криминалды полиция басқармасы әйелдің аса ірі көлемде алаяқтық жасағанын атап өтті.

"1982 жылы туған Сарсенова Мәдина Мырзабекқызы аса ірі көлемде алаяқтық әрекетке барды. Оған халықаралық іздеу жарияланды", - делінген қалалық Полиция департаметінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Тәртіп сақшылары тұрғындардан көмек сұрады.

"Бұл адам туралы қандай да ақпарат болса, Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментіне (Бейбітшілік көшесі, 19) немесе 8(7172) 71-60-10, 71-60-22 телефондарына хабарласуды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Sputnik.