Ленин атындағы шахта іске қосылғаннан бері 69 адам қайтыс болған

03.11.2022 22:33

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты

ашық дереккөзден

Қарағанды облысының Шахтинск қаласындағы Ленин атындағы шахта іске қосылған 1964 жылдан бері 69 адамның өмірі қиылған, деп хабарлайды Almaty.tv.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин өңірлік коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингіде осындай дерек айтты.

«Ленин атындағы шахта туралы статистика дайындалған екен. Соны айтып берейін. Қателеспесем, бұл шахта 1964 жылы іске қосылған. 1978 жылы болған алғашқы апатта 4 адам қайтыс болған. 1985 жылы - 2 адам, 1995 жылы - 13 адам қаза тауып, 2 адам жарақат алған. 1998 жылы бір адам өлсе, 1999 жылы жылы 3 адам қайтыс болып, 2 адам жарақат алған. Ең қайғылы жағдай 2006 жылы болғанын айттым. Ол кезде 41 адам өлген. Бұл - бір ғана шахтада болған апаттардың статистикасы. Бұл шынымен де шахталарда адамдардың жиі өлетінін көрсетеді», - деді Юрий Ильин.