Тасжолда көлік кептелісі пайда болған
Алтай өңіріндегі тасжолында 15 көлік соқтығысып, екі адам қаза тапты. Тағы бірнеше адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости -ге сілтеме жасап.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Олар ауа райына қатысты жол қауіпсіздігін бақылап, зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатыр.
Екі жақ қозғалысы шектелген. Тасжолда көлік кептелісі пайда болған. Бұған дейін Алтай өңірінің полицейлері ауа райының қолайсыздығына байланысты алты тасжолды жауып тастаған.