Өгем өзенінің бойынан жоғалған туристердің біріне тиесілі сөмке табылды (видео)

01.06.2021 22:39

ТЖМ құтқарушылары табылған сөмкені полиция қызметкерлеріне табыстады

стоп-кадр

Өгем өзенінің бойынан жоғалған туристердің біріне тиесілі сөмке табылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ құтқарушылары табылған сөмкені полиция қызметкерлеріне табыстады. Қазіргі уақытта жоғалған екі туристті іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

«Аймаққа «Қазавиақұтқару» АҚ 2 тікұшағымен аэровизуалды барлау жасалды. Іздеу жұмыстарына Түркістан облысы ТЖ департаментінен, Полиция департаментінен, ҰҚК Шекара қызметінен, Орман шаруашылығынан, Өзбекстан Республикасы ТЖМ жеке құрамынан 73 маман, 12 техника және жоғалған туристердің туыстары жұмылды. Іздеу жұмыстары сегіз бағыт бойынша жүріп жатыр», – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін жоғалған үш турист аман табылса, екеуінің мәйіті табылған болатын.