Шекарашылар екі айда Каспий теңізінен 45 браконьерді ұстады

03.02.2022 22:43

Аумақтық су режимінің негізгі бұзушылары - шетелдік және қазақстандық браконьерлер

gov.kz

Шекарашылар екі айда Каспий теңізінен 23 жүзу құралына мінген 45 құқық бұзушыны ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап. Жағалау күзетінің шекара кемелерінің экипаждары Каспий теңізінің акваториясындағы жүзудің қолайлы режимін сақтау, браконьерлік қылмыстардың жолын кесу және су биологиялық ресурстарын қорғау бойынша тұрақты негізде жедел алдын алу шараларын жүргізеді. Аумақтық су режимінің негізгі бұзушылары - шетелдік және қазақстандық браконьерлер. Олар өз әрекеті барысында жылдам жүзетін жүзу құралдарын пайдаланады. 

Тек екі ай ішінде (2021 жылғы желтоқсаннан 2022 жылғы қаңтарға дейін) шекарашылар теңізде 23 жүзу құралына мінген 45 құқық бұзушыны ұстады. 73 км -ден астам браконьерлік кәсіп құралдары (балық аулау торлары) алынды, теңізге 1 905 бекіре тұқымдас (373) және ұсақ балық (1 532) жіберілді. 1 млн 130 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Мемлекетке келетін 575 млн теңгеден астам сомадағы экономикалық залалдың алды алынды.