Оқыс оқиғаның себебі анықталып жатыр
Қытайдың Хунань провинциясында жеті қабатты үй құлады, зардап шеккендер бар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Baq.kz-ге сілтеме жасап.
Мәлімет бойынша бес адам оқиға орнында қаза тауып, жетеуі жарақат алған. Құлаған үйде 27 адам тұрып жатқан. Апат кезінде қалғандары үйде болмаған.
Қытайдың орталық телеарнасы оқиғаға орнында 400 құтқарушы мен 80 техника жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Апат орнында аршу жұмыстары жүріп жатыр. Оқыс оқиға себебі анықталуда. Алдын ала болжам бойынша үйдің құлауына жанында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары әсер еткен.