Пранк жасаған екі жігіт жауапкершілікке тартылды

06.01.2021 14:25

Оқиғаға қатысушылар алдын ала келісіп, әлеуметтік желідегі жұрттың назарын аударту үшін арнайы жасаған

polisia.kz

Алматы облысында пранк жасағандар жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz сілтеме жасап. Әлеуметтік желілерде мониторинг жүргізу барысында автокөлікке зақым келтірген бейнежазба анықталған. Тексеру барасында оқиға Есік қаласында 2021 жылғы 4 қаңтарда болғаны анықталды. Аталған дерек бойынша полицияға ешкім арыз түсірмесе де, Еңбекшіқазақ ауданының тәртіп сақшылары дерекке тексеру ұйымдастырды. Дерек расталып, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін Алмалы ауылының 21 жастағы тұрғыны және «Фольксваген Пассат» автокөлігінің иесі, Есік қаласының 26 жастағы тұрғыны ұсталды.

Оқиғаға қатысушылар алдын ала келісіп, әлеуметтік желідегі жұрттың назарын аударту үшін арнайы жасалған. Ұсталғандардың айтуынша, олар тек парақшаларына жазылушылардың санын арттырып, сосын көліктің әйгенін жөндегілері келген. Құқық бұзушыларға ҚР Әкімшілік кодекстің 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, шешім қабылдау үшін материал сотқа жолданды.