Оқиға Ақтөбе облысы Белқопа ауылының маңында болған
Ақтөбе облысында 2024 жылдың 2 сәуірінде қайғылы оқиға орын алды. Тағы бір бала еріген су жиналған жерге батып кетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Әйтеке би ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға облыстың Әйтеке би ауданы Белқопа ауылының маңында болған.
- 2014 жылғы бала Белқопа ауылының маңында ағып жатқан еріген қар суына құлап қайтыс болды. Қазіргі уақытта денесі судан шығарылды, - делінген Әйтеке би ауданы әкімдігінің хабарламасында.
Марқұм төртінші сыныптың оқушысы болған. Еске салайық, бұған дейін, 2024 жылғы 23 наурызда Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ебейті кентінде төрт жасар бала еріген қар суына құлап, тұншығып қайтыс болған.
Оқи отырыңыз: Жапондық тәсіл: Алматы мектептерінде балаларды еңбекке қалай баулуда