Жаңа сұрыпты Хоккайдо префектурасының Орман шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты шығарды
Жапонияда Қазақстан астанасының құрметіне жаңа «Нұр-Сұлтан» атты сакура сұрыпы шығарылды, деп хабарлайды Almaty.tv ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Хоккайдо аралында Қазақстан астанасының құрметіне «Нұр-Сұлтан» деп аталатын сакураның жаңа сұрыпы гүлдеді. Жаңа сұрыпты Хоккайдо префектурасының Орман шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты шығарды.
«Нұр-Сұлтан» сакурасының ерекшелігі – минус 40 градусқа дейін аязға төзімді. Бұл астанамыздың ауа-райы жағдайларына бейімделу үшін ең қажет сипаттамалардың бірі.