Дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды
Алматы мен Қонаев қаласын жалғайтын жолда жантүршігерлік көлік апаты болып, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы-Өскемен тас жолының 54-шақырымында Mercedes-Benz C-Class пен Ford Mondeo автокөлігі соқтығысып, салдарынан Ford машинасының жүргізушісі мен ішіндегі жолаушысы тірідей жанып кеткен. Ал Merсedes-тің иесі аман, оған жедел медициналық көмек көрсетілді. Жол сақшыларының ақпарынша, апатқа Merсedes көлігінің жылдамдықты шамадан тыс асыруы себеп болуы мүмкін. Оқиғаның мән-жайы әлі де анықталып, қажетті сараптама жасалады. Дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды.
«Merсedes автомашинасы аса жоғары жылдамдықпен келе жатып, Ford Mondeo автокөлігін артынан соққан. Ол жолдың сыртына шығып кеткен. Жол-көлік оқиғасында екі адам қаза тапты. Merсedes машинасының жүргізушісіне жедел көмек көрсетілді», – деді полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мейрам Әбікеев.