Алматы облысында 15 жастағы қыз ұялы телефонын қуаттаймын деп мерт болды

30.09.2020 03:09

Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғап, мән-жайды анықтауда

көрнекі сурет

Алматы облысында 15 жастағы қыз ұялы телефонын қуаттаймын деп, жарық дүниемен қоштасты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алдын ала дерек бойынша, телефонын қуаттау кезінде жасөспірімді тоқ соққан. Қайғылы оқиға Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылында 26 қыркүйекте сағат кешкі 22.00 шамасында болған. Қазір  тіркелген факт бойынша жергілікті полиция басқармасы қылмыстық іс қозғап, мән-жайды анықтауда.

«Алдын ала болжам бойынша жәбірленуші қыз қуатталып тұрған ұялы телефон арқылы тоққа түсіп, көз жұмды. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша адам өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сот-медициналық сараптама тағайындалды. Болған оқиғаның анық-қанығы анықталуда», – деді Алматы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Ақбота Әзірбекова.