Тұрғын бүгінгі күні реанимацияда ем қабылдап жатыр
Өткен жұмада Петропавлдағы жылу электр орталығында апат болып, 2 қазандық істен шықты. Оқиға салдарынан «Севказэнергосбыт» ұйымының жұмысшысы зардап шекті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бұған дейін де қараша айының басында жылу электр осындай жағдай тіркеліп, 2 қазандық жұмыс істемей қалған еді. Бірақ зардап шеккендер болмаған. Ал 24 желтоқсанда болған апаттан 27 жастағы жұмысшының денесін 40 пайыз күйік шалған. Тұрғын бүгінгі күні реанимацияда ем қабылдап жатыр.
«Науқас жансақтау бөліміне ауыстырылды. Жағдайының ауырлығы күйік шогына, зақымдану аймағына, ауырсыну синдромына байланысты өлшенеді. Бүгінгі таңда науқастың жағдайы ауыр, ол жансақтау бөлімінде емделуін жалғастыруда. Есі қалыпты, өздігінен тыныс алады. Оның бетін, мойнын, қолын, бөксесін, белін және аяғын күйік шалған», – деді көпбейінді қалалық аурухананың бас дәрігері Жанна Маутова.