Нұр-Сұлтандық дәрігерлер өлімші халде ауруханаға түскен екі баланы аман алып қалды

14.06.2019 01:45

Бірі - көпірде тоққа түскен 12 жастағы бала, екіншісі - басына бұтақ құлаған 10 жастағы бала

Фото из открытых исоточников

Біріншісі –28-ші мамырда теміржол бекетіндегі көпірде тоққа түсіп, кейін биіктігі бес метр болатын өткелден құлаған 12 жастағы жасөспірім. Оның басы мен беті, мойын, белін де күйік шалып, қабырғасы мен бас қаңқасы сынған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Зардап шеккен бала қалалық №2 балалар ауруханасына жеткізілген. Шұғыл жағдайда хируруг, нейрохирург, травматолог пен реаниматолог мамандар баланы түгел қарап гығып, оның миына, күйік орындарына ота жасаған.

«Баланың халі нашар болғандықтан, бірден жансақтау бөліміне ауыстырылды. Онда реаниматологтар зерттеулер жүргізді. Баланы жасанды комаға енгіздік», – дейді Нұр-Сұлтан қаласы № 2 балалар ауруханасының жансақтау және қарқынды терапия бөлімінің меңгерушісі Секен ЖҮНІСОВ.

12 күн арнайы құрылғының көмегімен жасанды кома жағдайында болған балақай қазір отаның екінші кезеңін күтуде. Мамандар емделушінің бас сүйегін қайта жауып, жара орындарын терімен қаптамақ.

Ал, басына бұтақ құлаған 10 жастағы екінші бір зардап шегуші баланың ата-анасы оқиғаға коммуналдық қызметті кінәліп отыр. Миына дереу ота жасаған дәрігерлер араға 4 күн салып жасөспірімнің жағдайы оңала бастағанын айтады. Қазір бұтақ астында қалған бала есін біледі және сөйлеуге қауқарлы.