Алматыда 2 жасар баласын ұрып өлтірген өгей әке 20 жылға қамалуы мүмкін

26.11.2019 17:45

Күдікті баланы ұялы телефон сұрағаны үшін сабаған

Алматы қаласында өгей баласын өлтірген азаматқа қатысты тергеу шаралары аяқталды. Енді қалалық прокуратура істі сотқа жолдамақ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оқиға осы жылдың қыркүйек айының 23-інде орын алған болатын. Үйге қайтып келе жатқан бала жол бойы мазасызданып, өгей әкесін тыңдамаған. Баланы сабырға шақырмақ болған ер адам бар күшімен баланың ішінен бірнеше соққы жасаған. Салдарынан бала жерге басымен құлап, есін жоғалтқан.

Прокуратура өкілдерінің айтуынша қастарынан өтіп бара жатқан жүргінші бірінші байқап, жедел жәрдем шақырған. Алатау ауданының прокуратурасы "К" есімді күдіктіні Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 2-бөлім, 3-тармағы бойынша кінәлі деп тауып, 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрап отыр.

Теги: отчим