Жамбылда қаза болған сәбилердің ата-анасына 3 бөлмелі пәтер берілді

23.02.2021 01:15

Түрлі қорлар мен халықтан 3 млн теңге жиналған

Almaty.tv

Жамбыл облысы Жаңатас қаласында болған қайғылы оқиғаға байланысты өңір билігі жан-жақты көмек корсетеді. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Қазіргі уақытта қаза болған сәбилердің ата-анасына 3 бөлмелі пәтер берілген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Түрлі қорлар мен халықтан 3 млн теңге жиналған. Сонымен қатар «Birgemiz» қорының қамқоршылық кеңесі балалардың ата-анасы мен жақындарына 2 млн теңге беру шешімін қабылдаған