Ақтөбе қаласында гаражда тұрған газ баллоны жарылып, екі адам дене күйігімен ауруханаға түсті, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Оқиға бүгін сағат 11:42-де Ақтөбе қаласының Тілеу батыр көшесінде тіркелді.
«Газ баллоны жарылып, 10 шаршы метр аумақ отқа оранды. Өрт сағат 11:58-де толық сөндірілді. Нәтижесінде 80 жастан асқан гараж иесі мен оның 25 жастағы көршісі зардап шекті. Екеуі де ауруханада ем қабылдап жатыр», - деп хабарламада.
Айта кетейік, өрт сөндіруге 18 қызметкер мен 5 техника жұмылдырылды.