Алматы облысында халыққа тапшы дәріні сатқан жан сақтау бөлімінің меңгерушісі ұсталды

 Polisia.kz.
Polisia.kz.
Алматы қаласының криминалдық полициясына жедел ақпарат келіп түскен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысы аудандарының біріндегі ауруханада халыққа тапшы дәріні жан сақтау бөлімінің меңгерушісі сатқаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласының криминалдық полициясына жедел ақпарат келіп түсті. Осыдан кейін дәрігер Райымбек пен Сейфуллин даңғылдарының қиылысындағы арнайы іс-шара кезінде ұсталды. Жеке тексеру барысында Севофлуран, Цефтриаксон, Меобактрин, Альбунорм, Неоцитотект, Октагам, Архимакс, Меропенем, Годовист және Пропофол сияқты 90 шиша дәрі алынды. Сонымен қатар, іздестіру шаралары кезінде дәрігердің бұрын сатылған дәрі-дәрмектерден түскен қаражаты 1 млн 370 мың теңге болды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Новости партнеров