Б. Сағынтаев барлық құрылыс алаңында қауіпсіздік ережелерінің сақталуын тексеруді тапсырды

30.04.2021 01:54

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Facebook парақшасында үш жасар баланың қайғылы қазасына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бүгін қайғылы оқиға орын алды. 3 жасар баланың өмірі үзілді. Жақындары мен туыстарына көңіл айтамын. Полиция жан-жақты әрі объективті тергеу жүргізеді. Жайлы қалалық орта мен ҚҚББ басқармаларына бұл нысандағы мердігерлер мен қосалқы мердігерлердің құрылыс нормалары мен ережелерін сақтауын тексеруді тапсырдым. Сондай-ақ, қаланың барлық құрылыс компанияларының жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасын қаншалықты сақтайтынын тексеруді тапсырдым», - деп жазды Б. Сағынтаев