Алматы аумағын жаппай дезифекциялау шаралары жалғасуда

29.03.2020 02:07

Карантин режимі күшейтілді

Фото: Акимат Алматы

Қала тұрғындарының денсаулығы мен өмірін қорғау мақсатында Алматы аумағын жаппай дезифекциялау шаралары жалғасуда, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Ағымдағы дезинфекция белгілі тәртіп бойынша карантин қойылған емдеу мекемелері мен азық-түлік базарларында  сейсенбі және сенбі күндері аптасына 2 рет жасалатын болады. Ал, шаһардағы  тротуарлар, жолдар және оларға іргелес аялдама кешендері, жол қиылыстары, сауда алаңдарының сыртқы элементтері мен учаскелері, сондай-ақ, азық-түлік дүкендерін дезинфекциялау  кестеге сәйкес күн сайын жүргізілетін болады. Тұрғын үй кварталдарының кіреберістері мен аула аумақтары кестеге сәйкес жүргізіледі және қалалық тұрғын үй саясаты басқармасы басшылығының құзырына қарай дезинфекуциялау жиілігі қамтамасыз етіледі. Әрбір аудан бойынша аумақты өңдеудің жалпы кестесін Алматы қаласы аудандарының әкімдері мен олардың аппараттары және дезинфекциялық өңдеуге тартылған басқа да ұйымдар ұсынады. Ағымдағы дезинфекцияны, қалалық қызметтерден бөлек қорғаныс министрлігінің арнайы Дезинфекциялау жасақтары да жүргізеді. Бұл үрдіс барлық тараптармен, атап айтқанда, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, Қоғамдық денсаулық басқармасы және Тұрғын үй саясаты басқармаларымен келісілген. Дезинфекция жүргізу кезінде денсаулыққа зиян келтірмеу үшін өңдеуден кейін 5 сағат ішінде көшеге шықпау қажет.

Карантин режимі күшейтілді


Алматының аумақтарын дезинфекциялау тәртібі:

–  карантин қойылған емдеу мекемелері

сейсенбі және сенбі, аптасына 2 рет

– азық-түлік базарлары

сейсенбі және сенбі, аптасына 2 рет

– тротуарлар, жолдар және оларға іргелес аялдама кешендері, жол қиылыстары, сауда алаңдарының сыртқы алаңдары мен учаскелері

кестеге сәйкес күн сайын

– азық-түлік дүкендері

кестеге сәйкес күн сайын

– тұрғын үй кварталдарының кіреберістері мен аула аумақтарын дезинфекциялау жиілігі

кестеге сәйкес және қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасы басшылығының құзырына қарай қамтамасыз етіледі

Аудан бойынша аумақты өңдеудің жалпы кестесін ұсынатындар:

– Алматы қаласы аудандарының әкімдері

– Алматы қаласы аудандарының әкімдік аппараттары

– Дезинфекциялық өңдеуге тартылған басқа да ұйымдар

Дезинфекция жүргізу кезінде денсаулыққа зиян келтірмеу үшін өңдеуден кейін 5 сағат ішінде көшеге шықпау қажет.