Рейд барысында 25-35 жас аралығындағы 12 әйел анықталды
Алматы облысының полицейлері жүргізген арнайы рейд барысында бірнеше притон ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Рейд нәтижесінде жеті адам жауапкершілікке тартылатын болды, оның ішінде екі қонақүй мен бір саунаның қожайыны бар.
«Рейд барысында ақшаға интим-қызмет көрсететін 25-35 жас аралығындағы 12 әйел анықталды. Олардың арасындағы екі әйел өзге елдің азаматы. Ұсталғандар есепке қойылып, олармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді», - деп хабарлады Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.