Қайғылы оқиға кеше, 17 шілде күні ГМЗ ауданында тіркелген, деп хабарлайды Aktobenews.kz.
Төтенше жағдайлар қызметіне сағат 20:52-де тұрғындардан жеке тұрғын үйдің шатыры мен екінші қабаты жанып жатқаны туралы хабар түскен.
«Өрт 22:40-та толық ауыздықталды. Оқиға орнынан ер адамның мүрдесі табылды. От 120 шаршы метрге созылып, оны сөндіруге 13 қызметкер мен 4 техника жұмылдырылды», — дейді ТЖД баспасөз қызметі.