22 жастағы ер адам оны анасының қолынан жұлып алып кеткен
Үш жасар сәбиді ұрлап, қасақана өлтірген қаскөй қолға түсті. Полицейлер қорғансыз сәбиге шамасы жеткен қашқын Игентай Сопыжановты бүгін түнде Қарағандыда ұстаған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Өңірлік Полиция департаментінің мәлімдеуінше, күдікті қазіргі уақытта изоляторға қамалып, сәби ұрлығы мен өлтіру ісі бойынша түсінік беріп жатыр. Сәби 5 қыркүйекте ұрланып, денесі 8-қыркүйек күні табылған еді. Үш жастар Максим Гарифулиннің денесін патрульді полиция қызметкерлері Шет ауданындағы Бұрма ауылынан тапқан. Алдын ала мәлімет бойынша, баланы 22 жастағы Сопыжанов тұншықтырып өлтірген. Ол бұған дейін де адам өлтіргені үшін сотталған. Оны неліктен түрмеден уақытынан бұрын шығарғаны тексеріліп жүріп жатыр.