20 сәуірден 21 сәуірге қараған түні белгіленген шектеу шараларына қатысты 14 дерек анықталды
Алматының мониторинг топтары карантин шараларының бұзылуын анықтауды жалғастыруда. 20 сәуірден 21 сәуірге қараған түні белгіленген шектеу шараларына қатысты 14 дерек анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Анықталған деректердің (карантин талабын бұзу) жалпы санынан 12 нысан мейрамханаларға, дәмханалар мен дүкендерге, біреуі караокеге, біреуі компьютерлік клубқа жатады.
Олардың арасында:
- Бостандық ауданында «Мята» лаундж бары қызмет еткен, онда 40-қа жуық адам болған.
- Медеу ауданында «Blak Room» компьютерлік клубы жұмыс істеп тұрған, онда 60-қа жуық адам болған.
Биыл 20 наурыз бен 21 сәуір аралығында шектеу шараларын бұзған 636 оқиға анықталды, соның ішінде:
• Алатау ауданы бойынша – 19 ;
• Алмалы ауданы бойынша – 135;
• Әуезов ауданы бойынша – 103;
• Бостандық ауданы бойынша – 100;
• Жетісу ауданы бойынша – 49;
• Медеу ауданы бойынша - 98;
• Наурызбай ауданы бойынша – 42;
• Түрксіб ауданы бойынша – 75.
Анықталған нысандардың жалпы санынан 437-cі мейрамханаларға, дәмханалар және дүкендерге, 86-сы компьютерлік клубқа, 14-і бильярд клубына, 41-і СПА-салонға, 24-і саунаға, 2-уі кальян барына, 15-і караоке клубына, 6-уы лото клубқа, 1-уі букмекерлік кеңсеге, 12-сі түнгі клубқа жатады. 3118 адамға әкімшілік хаттама толтырылды.
Алатау ауданы мониторинг тобының үйлестірушісі банкет мейрамханалары, көңіл көтеру орындарының иелерімен тұрақты профилактикалық жұмыс жүргізілетініне қарамастан, кәсіпкерлер карантин режимін бұзуды әлі де жалғастырып жатқанын хабарлады. Ертай Әлімов сәуір айының басында «Манара Палас» мейрамханасында 70 адамға арналған үйлену тойын тоқтатуға тура келгенін айтты.
«Біздің азаматтарымыз өзінің жауапсыз әрекеттерімен инфекцияның таралуына және қайта жұқтыруға себеп болатынын түсінуі керек», – деп толықтырды Е. Әлімов.
Мониторингтік топтар тек кешкі және түнгі уақытта ғана емес, сонымен бірге күндізгі уақытта да жұмыс істейтінін атап өткен жөн. Мысалы, 19 сәуір күні Бостандық ауданының мониторингтік тобы мамандандырылған ХҚКО-да адамдардың көп жиналып, топтасқанын тіркеді. Көптеген келушілердің бетперде кимей, болмаса оларды дұрыс тақпағаны анықталды. Әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешімді санитарлық дәрігерлер қабылдайды. Сонымен бірге, мониторинг топ мүшелері мамандандырылған ХҚКО-ның келушілерімен және әкімшілігімен кәсіби кеңес өткізді.
Алматы әкімдігі тұрғындарды карантин талаптарын сақтауға саналы түрде қарауға шақырады. 20 сәуірдің өзінде Алматыда коронавирус жұқтырудың 667 жаңа жағдайы тіркелді. Сонымен қатар, қала тұрғындары жұқтырып, сырқаттанушылар көбейсе де, санитар дәрігерлердің талаптарын бұзуды жалғастыруда. Алматы тұрғындарының қалыпты өмір салтына тез оралулып, ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін вакцинация жүргізу қажет.