Оқушы қыз музыка тыңдап ұйықтаған екен
Қайғылы оқиға Алматы облысы Қаратал ауданындағы Бастөбе ауылында 28 қыркүйекте болған, деп хабарлайды Stan.kz.
14 жастағы Алуа Абзалбек түнде телефонды қуаттағышқа қойып ұйықтап қалған. Таңға жуық телефон жарылып, қыз өміріне аса қауіпті жарақат алған.
Полиция қызметкерлері қыздың денесінде зорлық белгілерінің болмағанын айтты. Тағы бір болжамға сәйкес, оқушы қыз музыка тыңдап ұйықтаған екен. Кәмелет жасқа толмаған қыздың өлімі кездейсоқ оқиға ретінде тіркелді.