Жақсылық Сұлтановтың осы салада жүргеніне 13 жыл
Алматы қалалық полиция департаменті басқармасының патрульдік қызметкері, аға лейтенант Жақсылық Сұлтановтың осы салада жүргеніне он үш жыл. Қызмет бабында әр түрлі оқыс оқиғалар кездесіп жүретін тәртіп сақшысы кешегі оқиға мәңгі есімде қалады дейді. Жарақат алған анасының кеудесінде жатқан нәрестені көтеріп алып бара жатқан фотосурет пен бейне жазба әлеуметтік желіде тарап, көпшіліктің жүрегін елжіреткен еді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Жасы 30-35 тер шамасындағы әйел адамның үстінде ақ куртка жатқа сияқты болды. Анықтап қарағанда, бала екенін байқадым. Қолыма алғанда бала жылады. Көзін ашып, қарап жатқан әйел орынынан тұруға әрекет етті. Мен «тәте, сіз қозғалмаңыз, мен балаңызды жедел жәрдемге апаруға тырысамын» дедім. Ол көзін жұмып, келіскенін білдірді. Мен баланы жедел жәрдемге жеткіздім», - деді Алматы қалалық полиция департаменті басқармасының патрульдік қызметкері Жақсылық СҰЛТАНОВ.
Ал баланың жағдайы бірқалыпты, қасында туысқан әпкесі қарап жатыр екен. Атан-анасы қалалық №4 клиникалық ауруханада. Ұшақта жарақат алып, ауруханаға түскен 9 баланың барлығының жағдайы жақсы.
«Алғаш ауруханаға түскенде жағдайлары ауыр болған. Қазіргі таңда балалардың жағдайы жақсы, жансақтау бөлімінен шығарылды. Қастарында туған-туыстары жатыр. Тиісті емнің барлығы тағайындалды», - деді Алматы қалалық Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығының бас дәрігері Абай Құсайынов.