Референдум: алматылықтардың пікірі қандай

20.05.2022 16:03

Алматылықтар Конституцияға енгізілетін өзгерістерге қатысты өз ойын ортаға салды. Олар республикалық референдум өткізуді қолдайды, деп хабарлайды Almaty.tv.

"5 маусымда болатын референдумға міндетті түрде барамыз. Себебі бұл референдум халық үшін өте маңызды. Жұрт Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстанымын қолдайды. Біз Мемлекет басшысына сенеміз",  - деді алматылық тұрғын.

"Мен Қазақстан елінің азаматымын. Сондықтан болып жатқан жағдайға бей-жай қарамаймын. Мен міндетті түрде референдумға барамын!" - дейді қала тұрғыны.

Ал алматылық өзге азаматтардың референдум жайлы пікірі қандай? Оны бейне роликтен көре аласыздар.