А. Мамедов Әзербайжандағы Қазақстан Елшілігінің ғимаратында орналасқан №262 референдум учаскесінде дауыс берді
Бакуде республикалық референдумда алғашқылардың бірі болып таңғы сағат 07:06-да Қазақстан азаматы Арас Мамедов дауыс берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
А. Мамедов Әзербайжандағы Қазақстан Елшілігінің ғимаратында орналасқан №262 референдум учаскесінде дауыс берді. 18 жасқа толған ҚР азаматтары өз дауысын жергілікті уақытпен таңғы 07:00-ден 20:00-ге дейін аталған учаскеде бере алады. Әзербайжанда қазіргі таңда мыңдаған қазақстандық тұрып жатыр, олардың 400-ге жуығы тұрақты тіркелген.