Сайлаушылардың 43,7 пайызы референдумға қатысты

05.06.2022 18:45

Орталық референдум комиссиясы мәліметінше, 5 122 577 адам бюллетень алған

ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 12.00-дегі алдын ала мәлімет бойынша, Қазақстандағы референдумға сайлаушылардың қатысу көрсеткіші - 43,70 пайызға жетті. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Референдум бойынша Орталық комиссияның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және елордадағы аумақтық комиссиялары берген мәліметі бойынша, елордада сағат 12.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 43,70 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды», - деді Шавкат Өтемісов.

Орталық референдум комиссиясы мәліметінше, 5 122 577 адам бюллетень алған. Қазіргі уақытта ең белсенді аймақ - Солтүстік Қазақстан облысы.

Сағат 12.00-дегі өңірлердегі қатысу көрсеткіші:

Ақмола облысында – 41,31 пайыз;

Ақтөбе облысында – 41,14 пайыз;

Алматы облысында – 43,05 пайыз;

Атырау облысында – 37,33 пайыз;

Батыс Қазақстан облысында – 47,58 пайыз;

Жамбыл облысында – 55,15 пайыз;

Қарағанды облысында – 51,60 пайыз;

Қостанай облысында – 49,96 пайыз;

Қызылорда облысында – 48,73 пайыз;

Маңғыстау облысында – 36,02 пайыз;

Павлодар облысында – 51,17 пайыз;

Солтүстік Қазақстан облысында – 58,25 пайыз;

Түркістан облысында – 46,69 пайыз;

Шығыс Қазақстан облысында – 48,86 пайыз;

Нұр-Сұлтанда – 37,03 пайыз;

Алматыда – 20,14 пайыз;

Шымкентте – 44,61 пайыз.